ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - ТАЛАПКЕР 2010

ТАЛАПКЕР 2010

Еліміздің астанасындағы алғашқы
жоғары оқу орны, Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ең ірі білім және ғылым орталықтарының бірі - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне


ҚОШ КЕЛДІҢ!
ТАЛАПКЕР-2010


МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ АБ № 0062189




ҚазАТУ - Қазақ елінің астанасындағы бірінші жоғары оқу орны, Солтүстік және Орталық Қазақстандағы білім және ғылымның жетекші орталықтарының бірі.

ҚазАТУ - 2005 жылы кезектегі мемлекеттік аттестациядан өткен жоғары білім саласындағы барлық талаптарына сәйкес келетін жоғары оқу орны.

ҚазАТУ - 2005 жылы ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйелерінің сертификатын иеленіп, 2008 жылы қайта сертификациядан өткен жоғары оқу орны.

ҚазАТУ - білім берудің сапасын қамтамасыздандыру бойынша Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің рейтингісі бойынша Қазақстан Республикасының 30 техникалық жоғары оқу орындарының арасынан 2 орын және ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының арасынан 1 орын алды.

ҚазАТУ - түрлі саладағы 36 мамандық бойынша студент қабылдайды.

ҚазАТУ - да 9 мыңнан астам студент оқиды, олар үшін сапалы білім алуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.

ҚазАТУ - да 43 кафедра, 600-ге жуық профессор-оқытушылар, олардың ішінде 230 астам ғылым докторы мен ғылым кандидаты жұмыс жасайды.

ҚазАТУ - да магистратура, аспирантура және біліктілікті көтеру институты жұмыс жасайды.

ҚазАТУ - да студенттер әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша сержант атағын алады.

ҚазАТУ - да студенттер Ресей, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия және Израиль мемлекеттерінің ғылыми-өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтіп, білімдерін жетілдіру мүмкіндіктері бар. Студенттер «Болашак» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім грантын «Кохран», «Тасис», «Темпус» неміс қоғамының техникалық бірлестігі грантын, америка колледждерінің консорциумы гранттарына ие.

ҚазАТУ - да оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік басылымдар мен «Маман» газеті басылып шығарылатын баспахансы бар.

ҚазАТУ – да оқу үрдісін қазіргі заман деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 10 оқу ғимараты, ветеринарлық клиника, 900 мыңдай кітап қоры бар кітапхана, оқу-тәжірибе шаруашылығы, оқу-сауықтыру кешені, оқу-өндірістік шеберхана, 7 студенттік жатақхана бар.

ҚазАТУ – білім ордасы 50 жылдан астам ішінде Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің аграрлық секторларында, халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жатқан 48 мыңнан астам мамандар дайындады. Университет түлектері Қазақстан Республикасының және еліміздің ордасы Астана қаласының дамуына тікелей атсалысып отыр.

ҚазАТУ – да жастар ісі жөнінде белсенді комитет және қоғамдық кәсіптер факультеті (ҚКФ) жұмыс жасайды. Онда студенттер таңдаған мамандығымен қатар түрлі бағыттағы шығармашылық таланттарын шыңдай алады. Халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты, Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің дипломанты, «Жас қанат» т.с.с. байқауларға қатысушы «Рауан» шығыс билері ансамблі, Республикалық КТК чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, астаналық жоғары оқу орындары арасында КТК фестивальдарының жүлдегері «Аграрка сарбаздары», «Кочевники» және «Факультет» атты көңілділер мен тапқырлар командасы университет мақтаныштары.

ҚазАТУ – бұл студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары белсенді жүретін оқу орны. Спорт клубында 18 секция, қазақша күрес, ауыр атлетика, армрестлинг, футбол, баскетбол т.б. жұмыс жасайды. Баскетболдан ерлер командасы кәсиби командалар арасында ҚР чемпионаттарында 4 дүркін жеңімпазы, қыздар командасы екі рет ҚР чемпионы, универсиаданың жеңімпазы болып атанды.


ӘСКЕРИ КАФЕДРА

Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық жоғары кәсіптік білім алу барысында әскери кафедраларда мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүзеге асырылады.

Студенттердің әскери дайындығы әскери кафедрада өткізілетін теориялық және тәжірибелік курстардан, оқу жиынынан және әскери тағылымдамадан өтуден қамтылады.

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show