ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Әкімшілік

Әкімшілік



Ректор: Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы, ветеринария ғылымдарының докторы профессор, тел. 317547, email: agun.rektor@gmail.com

А.Қ.Бұлашев – жұқпалы иммунология мен биотехнология саласының маманы. 135 ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектердің, сондай-ақ 40-тан астам газет-журнал мақаласының авторы. Жануарлар туберкулезінің диагностикасын жетілдіру жөніндегі жұмыс топтамасы үшін А.И.Бараев атындағы мемлекеттік сыйақының лауреаты (2002). «Білім беру ісінің үздігі» (1997) және «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» (2002) белгілерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медалдарымен, Президент Н.Назарбаевтың алғыс хатымен (2005), «Құрмет» орденімен (2007) марапатталған.
Астана қаласы Мәслихатының үшінші және төртінші шақырылымының депутаты. Қазіргі қоғамның зияткерлік дамуына қосқан үлесі мен әлеуметтік бағыттағы ұстанымы үшін Сократ атындағы Халықаралық белгімен марапатталған.
«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.


Бірінші проректор: Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы, педагогика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, тел. 393918, email: abdyrov@rambler.ru

Университетте 1984 жылдан, ауыл шаруашылығын механизациялау факультетін тәмамдағаннан бері қызмет етіп келеді. 125 ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 электронды оқулықтың, 5 оқу құралының, 9 авторлық куәлік пен өнертабысқа патенттің авторы. Екі техника ғылымдарының кандидатын дайындады. Педагогика ғылымдары бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады. «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.
«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.


Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор: Балғабай Сәдепұлы Майқанов, биология ғылымдарының докторы, профессор, тел. 31-75-64, email: maikanov@mail.ru

Университетте 1987 жылдан бері жұмыс істейді. Майқанов Балғабай Сәдепұлы – ветеринарлық және санитарлық сараптама саласының маманы. 130 ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстың авторы, оның ішінде 9 оқу құралы, өнертабысқа 3 авторлық куәлік пен патент бар. Ветеринария бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары. Аспиранттар мен магистранттардың ғылыми жұмысына жетекшілік етеді. «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері» төс белгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.


Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор: Александр Викторович Майер, тел. 317573

Университетте 1988 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 1989 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер – механигі біліктілігін алып шығып, қызметін институттың комсомолдар комитетінің хатшылығымен жалғастырды. 1991 жылы институттың қоғамдық жастар орталығының директоры лауазымына ауыстырылды. 1997 жылы шаруашылық жұмыстар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметіне тағайындалды. 2006 жылдан бастап тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқаруда.
1989 жылы Целиноград қаласы Халық депутаттары Қалалық кеңесінің депутаты болып, кейін екі рет Астана қаласы Мәслихат депутаттығына сайланды.
«Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.


Күрделі құрылыс жөніндегі проректор: Көшкінбаев Жақсыбай Жүнісұлы, тел. 397540

1969 жылы Ленинград технологиялық институтының химиялық технология мамандығын бітірді және 1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының экономика және материалды-техникалық жабдықтауды жоспарлау мамандығын сырттай тәмамдады. 2005 жылдан бері Астана қаласындағы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-да күрделі құрылыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарады. Оның басшылығымен спорт кешені, оқу-сауықтыру кешені салынды, Щучье қаласы Бармашино елдімекеніндегі оқу ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Университеттің 50 жылдығына орай бас ғимараттың сыртқы беті мен кіре берісінің жобасы әзірленіп, күрделі жөндеуден өтті. Қазір техникалық факультеттің 570 орындық жаңа оқу ғимараты салынып жатыр, ал 592 орындық студенттік жатақхананың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Щучье қаласы, Бармашино елдімекенінде тағы бір оқу ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жақсыбай Жүнісұлы еңбек ардагері, бұрын қызмет еткен ұйымдардың бірнеше Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Дәмелі Кенжешқызы Әбдіхалықова – қаржы-экономикалық бөлім бастығы – бас бухгалтер, тел. 317544, email: damelya59@mail.ru

Университетке 2001 жылғы мамырда жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін жоғарыда аталған қызметті атқарып келеді. Осы аралықта Д.К.Әбдіхалықованың басшылық етуімен бухгалтерлік есеп автоматтанып, салық комитеті және қызмет көрсетуші банктермен байланыс жасауда электронды бағдарлама енгізілді. 2007 жылғы қаңтардан бастап, Қаржылық Есеп берушіліктің Халықаралық Стандарты бойынша есепке алу енгізілген. Д.К.Әбдіхалықоваға Лондондағы АССА бағдарламасына сәйкес Қаржылық Есеп берушіліктің Халықаралық Стандарты бойынша кәсіби бухгалтер сертификаты және 26.10.2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 0000003 кәсіби бухгалтердің сертификаты берілді. Университет Ғылыми кеңесінің мүшесі бола отырып, ол істің байыбына жете түсініп, қойылған мәселелер мен сұрақтарды дұрыс шеше біледі. Негізгі қызметімен қатар оқытушылықты қоса атқарады. Өзінің кәсіби біліктілігімен, өндірістік білімі және тәжірибесімен, оқытушылық шеберлігімен, өзінің айналасындағыларға қамқорлық көрсетіп, мәселелерді шешудегі шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді.


E-mail: agun.katu@gmail.com

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show