|
|
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті |
 |
Негізгі парақ
- Жаңалықтар
 |
Новости |
2010 жылғы 30 маусымда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мәжіліс залында университет магистранттарына диплом беру рәсімі өтті. Салтанатты шараға университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, бітіруші магистрлер және олардың ата-аналары қатысты. Оқу бітіруші магистранттарды бүгінгі айтулы күндерімен құттықтаған университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б.С.Майқанов биылғы жылы ғылыми-педагогикалық бағыттағы 15 мамандық бойынша – 48, бейіндік бағыттағы 5 мамандық бойынша 22, яғни барлығы 70 магистрант магистратураны аяқтап отырғанын, олардың ішінде алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыттағы «Орман шаруашылық ісі» мамандығы және бейіндік бағыттағы 5 мамандық, атап айтқанда, «Биотехнология», «Экономика», «Сәулет», «Электр энергетикасы», «Қаржы» мамандықтары бойынша 23 магистрант университетті бітіріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ университеттің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің нәтижелі жұмысы арқасында университетте PhD докторларына да диплом беру күнінің жақын екендігін, биылғы жылы магистратураның «Кадастр» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша және PhD докторантураның «Экономика» мамандығы бойынша лицензия алынғанын тілге тиек етіп, магистрлерді білімдерін одан әрі шыңдау үшін докторантураға оқуға шақырды.

Іс-шарада магистрлерді факультет декандары, профессорлар мен кафедра меңгерушілері, ата-аналар құттықтап, сәт сапар тіледі.
Салтанат соңы қоғамдық кәсіптер факультеті тыңдаушыларының концертімен аяқталды.
01.07.2010 [
Бөлімдегі барлық материалдар ]
|
|
|
|
|
 |
| Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі |
|
| Сентябрь 2010 |
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
| |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
| 6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
| 13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
| 20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
| 27 |
28 |
29 |
30 |
|
|
|
|
<<
<
•
>
>>
|
|
|
|
| |
|