|
|
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті |
 |
Негізгі парақ
- Жаңалықтар
 |
Новости |
Үстіміздегі 2010-шы жылдың 15-19-шы шілде аралығында Болгарияның София қаласында өткен “София-2010” атты халықаралық фольклорлық фестиваліне С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің “Фараб” ән және би театры қатысып қайтты. Делегация құрамына кірген халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, әрі делегацияның жетекшісі Қытайбекова Сара Оразбекқызы, көркемдік жетекшісі Алиакбаров Мейіржан Нұрғалиұлы, сонымен қатар, университеттің 10 студенті қазақ халқының дәстүрлерін, ән мен би өнерлерін таныстырды. София қаласының және қала маңында орналасқан Панчарево жерінің би алаңдарында Қазақстан, Македония, Сербия, Литва, Украина, Греция, Грузия, Болгария, Индия мемлекеттерінің фольклорлық ұжымдары өнер көрсетті. Фестиваль барысында мастер кластар өткізілді, онда ұжымдар өздерінің ұлттық билерінің элементтерін үйренем деушілерге таныстырды. Жиналған қауым Қазақстанның “Фараб” театрын ерекше ықыласпен қарсы алды, әсіресе ежелгі “Қара жорға” биі өте қатты ұнады.
София қаласы 3-ші рет әр түрлі мәдениеттердің басын қосатын көрікті жер болып отыр. София қаласының мэрімен және мәдениет министрімен кездесу өтті. Сонымен қатар, Пловдивтік аграрлық университетімен агрономия саласы бойынша ғылыми жұмыстарды өткізу және болашақта біздің студенттеріміздің сол жерде практика өтуі жоспарланып отыр. Университет осыдан 1жыл бұрын Болгариядағы “Предтечи” қоғамдық бірлестігімен білім және ғылым саласында келісім шартқа отырған болатын. Университет ұжымына диплом мен фестивальдың естелік белгісі, сонымен қатар, Болгариядағы Қазақстан елшілігінің атынан С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ректоры Бұлашев Айтбай Қабыкешұлына алғыс хат берілді.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Қытайбекова С.О.
23.07.2010 [
Бөлімдегі барлық материалдар ]
|
|
|
|
|
 |
| Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі |
|
| Сентябрь 2010 |
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
| |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
| 6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
| 13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
| 20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
| 27 |
28 |
29 |
30 |
|
|
|
|
<<
<
•
>
>>
|
|
|
|
| |
|