ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Ғылыми жұмыс

Ғылыми жұмыс

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғылыми зерттеу конкурстарына қатысу нәтижесінде ҚР АШМ-мен 2009-2011 жылдарға арналған төмендегі бюджеттік бағдарламалар бойынша келісімшартқа отырды:
- 042 «АӨК саласындағы қолданбалы ғылыми ізденістер» бағдарламасымен 19 жоба бойынша 48 430 000 теңгеге;
- «Ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» конкурстық гранты жүйесімен 9 жоба бойынша 24 292 000 теңгеге;

ҚР БҒМ мен университет мынадай келісімшарттар жасасты:
- 055 «Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасының «Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы позициясын нығайту, халықаралық сындарлы ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру контексінде мемлекеттік құрылымның және дамудың қазақстандық үлгісін әрі қарай жетілдірудің саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени негіздерін әзірлеу» ҒТЖ бойынша - 2 жоба 3 500 000 теңгеге;

«2009-2011 жылдары тағамдық, өңдеуші өнеркәсіпте, қоршаған ортаны қорғауда, ауыл шаруашылығында, мединцинада гендік-инженерлік және жасушалық технологияны қолдану мен әзірлеу» ҒТЖ бойынша - 2 жоба 10 000 000 теңгеге.

Қазіргі таңда университет бюджеттік бағдарламалар бойынша 90 972 000 теңгеге қаржыландырылып отыр.

042 «АӨК саласындағы қолданбалы ғылыми ізденістер» бағдарламасымен 19 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары «ҚазАгроИнновация» АҚ орталықтарының ғалымдарымен бірлесіп істелуде, құрылған келісімдерге сәйкес үйлестірушілер: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС, «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «О.О.Оспанов атындағы топырақтану және агрохимияның Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

2009 жылы 24 сәуірде өнертабыс саласындағы «Шапағат 2009» VI Республикалық конкурста біздің түлегіміз, С.Сейфуллин ат. Қаз АТУ биотехнология ҒЗИ – дің кіші ғылыми қызметкері Владимир Киян «Серологиялық балама үшін дерматомицеттерден антигендерді алу әдісі» өнертабысы үшін ең жас өнертапқышқа деген ИМБҰ сыйлығымен марапатталды.

Өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. В.Т. Хасанов 2009 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының жас ғалымдар арасындағы грантының иегері атанды.

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show