ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - ДОКТОРАНТ PhD және МАГИСТРАНТ 2010

ДОКТОРАНТ PhD және МАГИСТРАНТ 2010

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті магистратураға келесі мамандықтар бойынша қабылдау болатыны туралы хабарлайды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 10 қазандағы № 625 және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 10 қазандағы №581 бұйрықтары негізінде бекітілген Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне кадрлар даярлау саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында жүйелі шараларды іске асыру бойынша 2008-2011 жылдарға арналған жоспарларына сәйкес магистратураға (докторантураға) қабылдау ережесі туралы төмендегі ақпаратты ұсынады.

Университет 22 мамандық бойынша магистратураға 5 мамандық бойынша PhD докторантураға оқуға қабылдайды.

Магистратура мамандықтары
6M0120 - Кәсіптік білім (сала бойынша)
6M0420 - Сәулет
6M0506 - Экономика
6M0507 - Менеджмент
6M0509 - Қаржы
6M0511 - Маркетинг
6M0701 - Биотехнология
6M0703 - Ақпараттық жүйелер
6M0704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6M0718 - Электроэнергетика
6M0732 - Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)
6M0801 - Агрономия
6M0802 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
6M0803 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы
6M0804 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
6M0806 - Аграрлық техника және технология
6M0807 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
6M0808 - Топырақтану және агрохимия
6M0903 - Жерге орналастыру
6M0907 - Кадастр
6M1201 - Ветеринарлық медицина
6M1202 - Ветеринарлық санитария

PhD докторантура мамандықтары
6Д050600 - Экономика
6Д080100 - Агрономия
6Д080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
6D120100 - Ветеринарлық медицина
6Д120200 - Ветеринарлық санитария

Құжаттарды қабылдау 2010 жылдың шілде айының 1-нен 30-ы аралығында, қабылдау емтихандары тамыз айының 1-нен 20-ы аралығында өтеді, оқуға қабылдау уақыты 31 тамызға дейін.

Үміткерлер магистратураға (докторантураға) түсу үшін келесі құжаттарды тапсырады:
1) жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;
2) кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы және жұмыс өтілі бар болса еңбек кітапшасының нотариалды куәләндірілген көшірмесі;
3) көлемі 3,5x4,5 сурет - 6 дана;
4) 086-У формалы медициналық анықтама (флюрография өткендігі туралы карточкасымен бірге);
5) төлқұжатының көшірмесі, СТН, ӘЖК көшірмесі (РНН,СИК);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
7) ақылы негізде түсетіндерге оқуға кеткен шығындарды төлеу және келісім-шартқа отыру кепілдемесі болатындығы туралы сенімхат;
8) құжаттар тізімі;
9) құжат тігілетін папка (қағаз), 3 дана файл, пошталық конверт;
10) шет тілінен тест өту үшін төлем ақы түбіртегі.

Магистратураға (докторантураға) түскісі келетін үміткерлер шет тілі және арнайы пәннен емтихан тапсырады. Шет тілінен тапсырылатын емтихан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім стандарты мен тестілеу Ұлттық орталығының әзірлеген технологиясы негізінде өтеді.

Арнайы пән бойынша емтиханды университеттің емтихан қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей шет тілінен тапсырылатын емтихандар ЖОО бакалаврлық бағдарламаны бітірген үміткерлерге күрделі екеніндігі анықталды. Сондықтан магистратураға (докторантураға) түскісі келетін үміткерлер үшін оқу орнымыздың базасында шет тілінің арнайы курсы ұйымдастырылған.

Қабылдау емтихандары туралы «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың» Үлгі ережесінен танысуға болады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне магистратураға жоғары білімі бар және бакалаврлар, ал докторантураға – магистрлер мен ғылым кандидаты дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Қабылдау мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім-шарт негізінде жүргізіледі.
Оқу ақысының мөлшері жыл сайын ҚР үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Келісім- шарт негізінде магистрантураға (докторантураға) оқуға қабылданушылар, міндетті түрде университетпе екі жақты келісімге отырулары керек.

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show