ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Сапа менеджменті жүйесі

Сапа менеджменті жүйесі





2004 жылдың қаңтар айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің ректоры ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және сапа қызметін ұйымдастыру шешім қабылдады.

2005 жылдың наурыз айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің сапа менеджмент жүйесі «Русский Регистр сертификаттау құрама одағының өкілдігі» өткізген ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкес сертификаттау аудитін табысты өтті. Университетке Халықаралық сертификаты IQNet және «Русский Регистр» сертификаты берілді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сапа менеджмент жүйесінің аймағына кіреді:
- лицензия беру және мемлекеттік аккредитация саласына сай кәсібі жоғары білім мамандықтар мен бағыттар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жоғары кәсібі білімі бар (бакалавр, мамандық) кадр дайындау бойынша білім беру қызметін әзірлеу және ұсыну саласында.
- ХС ИСО 9001:2000 -ға сәйкес өнімді шығару процессі.
- Өнімнің өмірлік циклі өзгертусіз.

2005 жылдың қараша айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің сапа менеджменті жүйесі ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес бірінші инспекциялық аудитін табысты өтті.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының мақсатты бағытталған жұмысының нәтижесінде ұсынып отырған білім беру қызметінің сапа деңгейі едәуір көтерілді. Бұны 2008 жылы табысты өткен екінші сертификаттау дәлелдейді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сапа менеджменті жүйесі үрдістік тұрғыда құрылған. Университетте сапа менеджменті жүйесіне қажетті және ұйымда толық қолданылатын процесстер анықталып теңестірілген. Әрбір процесске, оның орындалуын және нәтижелігін қадағалайтын, процесс жетекшісі тағайындалады. Университет процесстермен ХС ИСО 9001:2000, талаптарына, тұтынушылар мен заң шығарушы органдардың талаптарына сай әзірленген, құжатталған рәсімдермен, ұйым стандарттарымен, әдістемелік нұсқаулар және процесс карталары арқылы басқарылады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сапа төңірегіндегі саясат

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті сапа менеджменті жүйесін енгізіп, білім беру қызметі саласында танылған озаттар қатарына кіруге тырысады.

Сапа төңірегіндегі саясат жеткізіп берушілермен өзара тиімді қарым – қатынас негізінде барлық қызығушы тараптардың жалпы мақсаттары мен талаптарына сәйкес жоғарғы басшымен әзірленді.

Жоғарғы басшы өз ісіне мыналарды жатқызады: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін үрдістік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдауды.

Жоғарғы басшы барлық жауапкершілік жетістігі университеттің қалыптасуы мен дамуына жұмсалатындығын түсінеді де әр түрлі деңгейдегі қызметтің тұрақты мониторингімен қамтамасыз етеді және оның тіршілік әрекетінің барлық үрдістерін жақсарту бойынша іс – шаралар енгізеді. Басшылық тұтынушыны толық түрде қанағаттандыруға негізделген ұсынылған қызметтердің сапасын көтеру бойынша құрамдарды тартуға үгіттейді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сапа төңірегіндегі саясаты басқарудың барлық деңгейінде мақұлданды және университет ұсынатын қызметтердің барлығы дерлік тұтынушының талаптарына қанағаттандырады дегенге бағытталған.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сапа төңірегіндегі мақсаты

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің стратегиялық мақсаты – сапа менеджменті жүйесі – қызметтері үрдісін үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру.

1. Агротехникалық кәсіп мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы болуға талпыну.

2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару құрылымын жетілдіру, себепті механизмдерді енгізу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

3. Материалды – техникалық базаны СТ РК 1158 талаптарына сай қолдау және университеттің инфрақұрылымын тұрақты түрде жетілдіру.

4. МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес университеттегі сапа менеджментінің барлық үрдісін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.

5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы – мемлекет, әр түрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі – университет оқытушылары мен қызметкерлері.

6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.

7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми – зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің көлемін кеңейту.

8. Университет мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.

9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.


2004 жылы біздің университет Астана қаласының жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып сапа менеджмент жүйесін енгізді және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өтті. Университеттің сапа менеджменті жүйесі ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкес. Бұл сәйкестік университетке берілген IQNet және «Русский регистрдің» халықаралық сертификатымен расталған.

2008 жылы университеттің сапа менеджменті жүйесі қайта сертификаттау мақсатындағы тексерістен табысты өтті.

Сапа менеджменті жүйесі тек іс жүргізу үрдісін емес, сонымен қатар барлық үрдістердің өзара әсерін, олардың үнемі талдануы және жақсартылып отырылуын қамтиды. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ –де негізгі үрдістер келесі құжаттарда сипатталған:

1 ҚР СМЖ 01– 2008 Құжаттаманы басқару
2 ҚР СМЖ 02 – 2008 Сапа жазбаларын басқару
3 ҚР СМЖ 03 – 2008 Ішкі аудит
4 ҚР СМЖ 04 – 2008 Лайықсыз өнімді басқару
5 ҚР СМЖ 06 – 2008 Түзету әрекеттері
6 ҚР СМЖ 07 – 2008 Ескерту әрекеттері
7 ҚР СМЖ 08 – 2009 Персонал менеджменті
8 ҚР СМЖ 09 - 2008 Сатып алуды басқару
9 ҰС СМЖ 1.1.01 – 2008 Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын құру, баяндау және ресімдеу ережелері
10 ҰС СМЖ 1.1.06 – 2008 ҚАТУ оқу - әдістемелік әдебиетті басып шығару және рәсімдеу тәртібі
11 ҰС СМЖ 1.1.07 – 2008 Ұйымдастыру – басқару құжаттарын рәсімдеу тәртібі
12 ҰС СМЖ 1.3.01 – 2008 Іс-қағаздарды жүргізу және мұрағат ісі
13 ҰС СМЖ 1.3.02 – 2008 Тұтынушының меншігін басқару
14 ҰС СМЖ 2.1.01 – 2008 Бөлімшелер туралы ережелерді әзірлеу, келісу және бекіту ережелері
15 ҰС СМЖ 2.2.01 – 2008 Лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі
16 ҰС СМЖ 2.4.01 – 2008 СМЖ-н жоспарлау және мақсаттарды құру
17 ҰС СМЖ 3.1.01 – 2009 Материалдық – техникалық қамсыздандыруды басқару
18 ҰС СМЖ 3.3.01 – 2009 Инфрақұрылымды және өндірістік ортаны басқару
19 ҰС СМЖ 3.4.01 – 2009 С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ –нің қаржысын және негізгі емес қызметін қадағалауды басқару
20 ҰС СМЖ 3.5.01 – 2008 Ғылыми кітапхананың ақпараттық ресурстарын басқару
21 ҰС СМЖ 3.6.01 – 2008 Есепке алу үрдісін және оргтехникаға қызмет көрсетуді басқару
22 ҰС СМЖ 4.3.01А- 2008 Оқу-ғылыми жабдықтарға күтім жасау
23 ҰС СМЖ 4.3.02 – 2008 С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын басқару
24 ҰС СМЖ 4.3.03 – 2008 Қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді басқару
25 ҰС СМЖ 4.5.01 – 2009 Оқу қызметінің үрдістерін басқару
26 ҰС СМЖ 4.6.01 – 2009 Магистранттардың біліміне бақылау және қорытынды аттестаттау жүргізу
27 ҰС СМЖ 4.7.01 – 2008 Кредиттік жүйедегі мамандықтың оқу-әдістемелік кешенін және пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және бекіту тәртібі, құрылымы мен мазмұны
28 ҰС СМЖ 4.9.01 – 2008 Тәрбие үрдісін басқару
29 ҰС СМЖ 4.10.01 – 2008 Студенттердің ғылыми іскерлік үрдістерін басқару
30 ҰС СМЖ 4.10.02 – 2008 ПОҚ-ның ғылыми қызметін басқару
31 ҰС СМЖ 4.12.01 – 2009 Түлектерді тарату үрдісін басқару
32 ҰС СМЖ 5.3.01 – 2009 Студенттердің білім деңгейін бақылау және бағалау
33 ӘН СМЖ 110.07-2009 Дипломдық жұмысты (жобаны) ұйымдастыруға, өткізуге және ресімделуге қойылатын жалпы талаптар
34 ӘН СМЖ 110.09 – 2009 Тәжірибелік, зертханалық және семинарлық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
35 ӘН СМЖ 110.10 – 2009 Курстық жобаны (жұмысты) ұйымдастыру, өткізу тәртібі
36 ӘН СМЖ 110.11 – 2008 Академиялық топтың кураторы және старостасы
37 ӘН СМЖ 110.12 – 2009 Ең үздік академиялық топқа конкурс өткізу
38 ӘН СМЖ 110.13 – 2008 Эдвайзер – студенттердің академиялық кеңес берушісі
39 ӘН СМЖ 110.14 - 2009 Мемлекеттік ғылыми сыйақы ізденісіне конкурс өткізу
40 ӘН СМЖ 110.17 – 2008 Кешенді тексеріс жүргізу тәртібі
41 ӘН СМЖ 110.18 – 2008 Ғылыми есепті ресімдеу тәртібі
42 ӘН СМЖ 110.20 – 2008 Студенттерді тәжірибелік дайындауды ұйымдастыру және өткізу
43 ӘН СМЖ 110.21 – 2009 Магистрлік диссертацияны ресімдеу және жазу тәртібі
44 ӘН СМЖ 110.22 – 2009 Магистранттардың тәжірибелік дайындығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
45 ӘН СМЖ 10010.01 – 2008 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ-ға келушілерді қабылдауды есепке алу тәртібі
46 ӘН СМЖ 065.05а -2009 С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттерінің оқудан шығарылу, ауысу, қайта қабылдану және оларға академиялық демалыс беру тәртібі
47 ӘН СМЖ 065.10 – 2009 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде СӨЖ және СОӨЖ өткізу әдістемесі
48 МТЕ СМЖ 10010.302 – 2008 Университеттің құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапаттау тәртібінің ережесі
49 ҚБТЕ СМЖ 11010.324 – 2009 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ директорлар кеңесі отырысының құжаттарын басқару тәртібі туралы ереже
50 ӘКЕ 10010.12021- 2008 Әдістемелік кеңес туралы ереже
51 ЖЕТЕ СМЖ 10010.301 – 2008 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ қызметкерлерінің еңбек төлемі туралы ереже
52 ЛНТЕ СМЖ 10010.304-2008 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ лимиттері мен нормативтері туралы ереже
53 БЕ СМЖ 10010.10001-2009 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ Басқарма туралы ережесі
54 ІАҒҚЛДБЕ СМЖ 10010.313 – 2009 Ізденушілерге докторлық диссертациясын аяқтау үшін аға ғылыми қызметкер лауазымын немесе шығармашылық демалыс беру туралы ереже
55 ҚБПҚКБЕ СМЖ 10040.10 – 2008 Университет қызметкерлеріне қайтарып алынатын бір жолғы пайызсыз көмек (ссуда) беру туралы ереже
56 ПҚАПАЕ СМЖ 10010.312 - 2009 Профессорлық – оқытушылық құрамның рейтингісі негізінде қосымша ақының пайызын анықтау туралы ереже
57 СПОЕ СМЖ 11010.12010 – 2009 Студенттік пәндік олимпиада өткізу туралы ереже
58 ПҮАБЕ СМЖ 10010.323 – 2009 Профессорлық-оқытушылық құрамның рейтингісі негізінде үстеме ақыны белгілеу туралы ереже
59 ПОҚҒҚЛКҚТЕ СМЖ 10010.332 – 2009 «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ профессорлық – оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымына конкурстық негізде қабылдау тәртібі туралы ереже
60 РНҮБЕ СМЖ 10010.330 – 2009 Әкімшілік-шаруашылық бөлімнің қызметкерлеріне рейтинг негізінде үстеме ақы белгілеу туралы ереже
61 ЖӨАТЕ СМЖ 10010.333- 2009 Білім беру және ғылыми ұйымдардың мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын жұмыскерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін анықтау тәртібі туралы ереже
62 СБ СМЖ ҚАТУ – 2009 Сапа бойынша басшылық

Жыл сайын біздің университет ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына іздену конкурсына қатысады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар пакетіне университеттегі өтіп жатқан барлық үрдістердің сипатталуы, өзін-өзі бағалау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар қызметтің әр түрлі саласындағы университеттің жетістіктері бойынша ақпараттары енгізілген. Конкурс нәтижесі бойынша университет белсенді қатысқаны үшін алғыс хат алды.

Университет бөлімшелерінің қызметін жетілдірудің негізгі әдістерінің бірі бөлімшелердің өзара әсерін талдау болып табылады.

Тұтынушылардың қанағаттандырылуын анықтау үшін сапа қызметінің қызметкерлерімен университет түлектеріне сауалнама өткізіледі. Тұтынушылардың талаптарын бақылау үшін талапкерлермен сауалнама өткізіледі.

Бұл әлеуметтік сауалнама мәліметтері жоғарғы басшылықтың шешім қабылдауы үшін қолданылады.

Әрбір оқу жылының соңында басшылық тарапынан бөлімшелердің жетістіктері баяндалған, ішкі аудит бойынша мәліметтер, әлеуметтік сауалнама нәтижелері мен үрдістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілген талдау жүргізіледі.

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show