|
|
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті |
 |
Негізгі парақ
- Оқу жұмысы
 |
Оқу жұмысы |
Тіркеуші кеңсесі университет ректорының 01.02.2005 жылғы бұйрығымен ұйымдастырылған және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқу орны аясында білім берудің кредиттік жүйесін енгізу және қолдану үрдісін ұйымдастыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Тіркеуші кеңсесінің міндеті: студенттерді қабылдау, олар туралы ақпаратты сақтау, жаңарту, орталықтандыру, студенттердің барлық оқу жетістіктерін тіркеу, олардың білімін бақылауды ұйымдастыру, академиялық жазбаларды басқару.
Тіркеуші кеңсесі келесі негізгі қызметтерді атқарады:
- оқытудың кредиттік жүйесі талаптарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша университетішілік нормативті құжаттарды әзірлейді;
- студенттердің пәнге тіркелуін, қайта тіркелуін ұйымдастырады және академиялық топтар мен топшаларды қалыптастырады;
- академиялық күнтізбенің уақытылы орындалысына бақылау жасайды;
- студенттер білімін аралық және қорытынды бақылауды жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды;
- студенттердің барлық оқу жетістіктерін тіркейді;
- студенттерді оқытудың кредиттік жүйесінің әдіснамасымен таныстырады;
- комитеттер мен эдвайзерлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасайды және оларға кеңес береді;
- оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу бағдарламаларын дайындау, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықты әзірлейді;
- оқытушыларға кредиттік технология бойынша оқу аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарды және оқу құжаттарын жүргізу ерекшеліктерін, студенттер үшін оқу бағдарламаларын әзірлеуді, оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолдануды үйретеді. Осы мақсатта профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар-тренингтер өткізеді;
- оқытудың кредиттік жүйесі талаптарына сай оқу құжаттарының (студенттің анықтамалық бағдары, жеке оқу жоспары т.б.) формаларын әзірлейді;
- тәжірибе алмасу және кредиттік жүйенің артықшылықтарын толық іске асыру мақсатында кредиттік оқыту мәселелерімен айналысатын мекемелермен, ведомстволармен және басқа да ЖОО-мен байланыс орнатады.
Университет мамандықтарының оқытудың кредиттік жүйесіне көшуіне, қашықтықтан оқыту технологиясын енгізуге, оқу үрдісін басқару жүйесін автоматтандыруға және ақпараттық технологияларды барынша тиімді енгізуге байланысты 2008 жылғы қыркүйектен бастап оқу бөлімі мен қабылдау комиссиясы жойылды. Нәтижесінде тіркеуші кеңсесі құрылымы кеңейіп, келесі бөлімдер ұйымдастырылды: студенттерді қабылдау бөлімі – 3 бірлік, студенттерді тіркеу бөлімі – 10 бірлік, оқу-әдістемелік қамту бөлімі – 2 бірлік, білімді бағалау және аттестация бөлімі – 3 бірлік, академиялық жазбалар бөлімі – 5 бірлік. |
|
|
|
|
 |
| Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі |
|
| Сентябрь 2010 |
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
| |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
| 6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
| 13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
| 20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
| 27 |
28 |
29 |
30 |
|
|
|
|
<<
<
•
>
>>
|
|
|
|
| |
|