ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы және студенттік өмір

Тәрбие – тұлғаны қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсене қатыстыруға жүйелі де мақсатты түрде бағыттайтын дайындау үрдісі.

Тәрбие әдісі – тәрбие міндеттері шешіміндегі көптеген жалпы әдістер жиынтығы мен тәрбиенің өзара әрекеттерін жүзеге асыру.

Тәрбие үрдісінің мақсаты – оқушы тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуы. Ол келесідей бағыттарға негізделген:
- тұлғаның оң сапасын тәрбиелеуге;
- белсенді өмір көзқарасына дағдыландыруға;
- өзін-өзі тәрбиелеу, қалыптастыру және өзін-өзі бақылау қабілетіне;
- жеке құндылық сезімін тәрбиелеуге;
- Қазақстан Республикасының дамуы мен жандануына деген намыс, мақтаныш көзін дамытуға;
- рухани және адамгершілік қабілетін қалыптастыруға;
- дене шынықтыру жағынан жетілдіруге;
- экологиялық мәдени өмірге.

Бұл бағыттар академиялық топ кураторлары жүзеге асыратын бірқатар басқару факторларымен айқындалады.

Университеттің барлық тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарын тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент құрастырады, ал факультеттің тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарын факультеттегі жалпы тәрбие үрдісіне жауапты тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары құрастырып, жүзеге асырады. Академиялық топтардың тәрбие жоспарын жыл бойы өткізген іс – шаралар бойынша кураторлар құрастырады. Жоспар бір оқу жылына құрастырылады. Кафедра меңгерушілері кафедрадағы тәрбие жұмысын тәртіпке келтіреді. Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президенттің қолы қойылған университет деңгейінде өткізілетін тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарды президент бекітеді. Факультет бойынша жүргізілетін декан орынбасарының қолы қойылған тәрбие жұмысы жоспарын факультет деканы бекітеді. Куратор мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған куратор жоспарын декан орынбасары бекітеді. Өткізілген қандай да болмасын іс – шара (кураторлық сағат, көрме, концерт, музейлерге бару) хаттама түрінде құжатталуы тиіс. Университеттегі тәрбие жұмысын тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент ұйымдастырады және оның қарамағында университеттің аға кураторы, оқу үрдісінен босамаған тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасарлары, тәрбие жұмысы жөніндегі маман, қоғамдық кәсіптер факультетінің жетекшісі (әрі қарай ҚКФ), спорт клубы төрағасы, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, Қазақстан студенттері Альянсының университеттегі көшбасшысы, «Inside» пікір – талас клубының төрайымы жұмыс істейді. Бөлімдердегі (кафедралардағы) тәрбие жұмысын тікелей басқаруды кафедра меңгерушілері және олардың қарамағындағы студенттік топ кураторлары жүзеге асырады.

Тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарды орындағаны бойынша есеп әр семестр қорытындысы бойынша жылына екі рет келесідей бағытта: куратор – кафедра меңгерушісіне, кафедра меңгерушісі – тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасарына, тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары – тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президентке тапсырылады.

Тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің (ТЖжК) ең негізгі міндеті – студенттер арасындағы тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру. ТЖжК жұмысы болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда адамның жан-жақты ұйлесімді дамуына, өз бойына рухани байлық пен адамгершілік тазалықты және дене шынықтыру жағынан өзін - өзі ұтымды дайындауға тәрбиелеу.

2007-2008 оқу жылы білім күні – 1 қыркүйекпен басталды. Салтанатты жиналысқа ҚР Ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрлігі өкілдері, Сарыарқа ауданының әкімі қатысты. Университет президентінің құттықтау сөзінен кейін концерттік бағдарлама ұсынылды.

2007 жылғы 18 қыркүйек күні К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында «Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы» ММ бастамасымен мемлекеттік тілде КТК ойыны болып өтті. Біздің университетімізден «Жігер» КТК командасы қатысып, конкурс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Команда қатысушылары өз жігерліліктерін танытып, намысты қолдан бермей жеңіске жетті.



Осы жылғы 24 қыркүйекте университет қабырғасында тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент А.В.Майер 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуде университетімізде оқып, білім алып жүрген студент жастарға құқық, міндеттері (Билль) түсіндірілді. Сонымен қоса кездесуде оқу ордамыздағы жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Б.Жұмаділова да сөз сөйлеп, университетте өткізілетін көптеген іс – шаралардың өтетіндігі жөнінде айтып өтті. Кейін тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент А.В.Майер белсенді ақын студенттердің шығармалары жазылған кітаптарды сыйға тартты.

«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы шеңберінде 2007 жылғы 27 қыркүйек университетімізде есірткі және есірткі сатудың алдын алу жұмыстары бойынша бірінші курс студенттерімен кездему өткізілді, оған Астана қаласы ҰҚК департаментінің есірткі сатуға қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ғабит Амангелдіұлы Сатвалдиев, психолог, Астана қаласының медициналық - әлеуметтік сауықтыру орталығының төрайымы – Наталья Львовна Еспенко, «Есірткісіз - болашақ» корпоративтік қорының өкілі – Жанар Жұмағалиқызы Ержанова, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент А.В.Майер, университеттің ЖІжК төрайымы Н.Б.Жұмаділова, тәрбие жұмысы жөніндегі маман Д.Д.Жаныбекова және деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты. Олар жас ұрпаққа қазіргі заманғы өзекті тақырыпқа айналған есірткінің адам өміріне деген зардаптары, темекінің зияндығы жөнінде дәріс оқыды, кейін осылардың салдарынан қанша өмірдің қыршын қиылғаны жөнінде статистикалық есеп ұсынып, «есірткіге қарсымыз» деген тақырыпта фильм көрсетті.

Былтырғы жылғы 3 қазан күні университет ұжымы өзінің 50 жылдығын атап өтті.

Мерейтойға арналған іс – шаралар шеңберінде 2007 жылғы 2 қазан күні Астана баспасөз орталығында («Жастар» сарайы) Түлектер клубы құрылтайшыларымен баспасөз мәжілісі өткізілді.

3 қазан университет студенттері үшін құпиясы мен сыры көп, жағымды құттықтауларға толы келесідей күн болды: университет Түлектер клубының тағайындаған құнды сыйлықтарға бай лотореялық билеттер ұтысы ойыны болды.





Кейін дәл осы күні оқу ордамыздың бас ғимаратындағы мәжіліс залда Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің басшылары, астана әкімшілігі мен Түлектер клубы өкілдері және біздің профессорларымыз бен оқытушыларымыздың қатысуымен киелі шаңырағымыздың 50 жылдығына арналған ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі болып өтті. Аталған мәжілісте студенттерді оқытуға қосқан үлестеріне, еңбектеріне университет басшылығынан алғыс хаттар берілсе, Түлектер клубынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.





2007 жылғы 5 қазан күні төрт мыңға жуық оқытушылар, аспиранттар, белгілі университет түлектері және студенттер астана көшелерін бойлай жүріп, мерекелік шеруге қатысты. Сапты түзеп, алдыңғы қатарда болғандар ректорат мүшелері, факультет декандары, жетекші профессорлар мен елге танымал түлектер. Аталған шара астана тұрғындары мен қонақтарға ұжым ынтымақтастық, бірлігін, оның бір арнадағы рухани университетке деген ыстық ықыласын танытып, қала және тұтастай алғанда республика көлеміне астанамыздағы іргелі оқу орынының мерейтойы басталып жатқандығын хабарлады.





Осы жылғы 9 қазан күні бас ғимараттың мәжіліс залында Түлектер клубы мен университетіміздің студенттері арасында кездесу өтті, оған Түлектер клубының төрағасы, «Астана су арнасы» МҚК бас директоры Ж.Е.Нұркенов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Б.А.Смаилов, Сарыарқа ауданының әкімі Е.А.Кабельдин, «Агрофирма «Родина» ЖШС бас директоры И.А.Сауэр қатысты. Түлектер клубының өкілдері студенттерге өздерінің қоғамдық және еңбек жолындағы қызметтері жөнінде сыр шертіп, студенттерді қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

2007 жылғы 15 қазан күні мәжіліс залда Түлектер клубы университет ардагерлері және оқытушыларымен кездесті. Кездесуге 48 ардагер және жоғарыда аталған түлектер қатысты. Кездесу соңында ардагер – оқытушыларға «Голубой огонек» ұйымдастырылып, азық-түлік салынған пакеттер табыс етілді.

2007 жылғы 19 қазан күні астанамыздың төрінде орын алған Конгресс – Холл сарайында профессорлық – оқытушылық құрам, ардагерлер, студенттер және жақын, алыс аймақтардан келген ҚР халық шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейтін түлектердің қатысуымен университетіміздің 50 жылдығына арналған ұланғайыр мерейтойдың жабылу салтанаты өтті. Аталған жиында қонақ болғандар: Президент әкімшілігі, Парламент, Премьер – министр кеңсесі, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері, Астана қаласы әкімшілігі өкілдері, жоғары оқу орын басшылары, ірі ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер. Бұл жиналыс университеттің көркемөнерпаздары ұсынған кең көлемдегі концертпен аяқталды. Мерекелік концерттік бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әншісі Роза Рымбаева қазақ және орыс драма театрының актерлері, сонымен қатар астана филармониясының жетекші орындаушылары және университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің тыңдаушы – студенттері қатысты.



Университеттің бірінші курс студенттері бірінші күз мезгілін отбасы ошақ қасы, ата – анасынан алыста «Бірінші студенттік күз» атты құпиясы мол атаумен қарсы алады. 2007 жылғы қазанның 30-нан қарашаның 2-не дейінгі аралықта жоғарыда аталған іс – шара болып өтті. Осы іс – шара барысында бізде қаншама дарынды да болашағы мол белсенді студенттер бар екенін көрдік, олар би билеп, ән айтып жалпы жан – жақты таланттарын көрсете білді. Дарындарын көрсеткен таланттардың алдыға оза шыққандарын гала – концерт бағдарламасында тағы да тамашаладық 2007 жылғы 3 қараша күні агрономия факультетінің акт залында өткен гала – концертте әділқазылар алқасы өз шешімін айтып, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, университеттің ең үздік факультеті жарияланды. Бірінші орынды лайықты түрде екі факультет: экономикалық, компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультеттері жеңіп алса, екінші орынды жерге орналастыру факультеті, үшінші орынды ветеринарлық медицина факультеті жеңіп алды.

Республикалық «Ішімдікті пайдаланудан бас тарту күні» акциясы Қазақстанда алғаш рет енгізілді. Осы акция шеңберінде 2007 жылғы 1 қарашада университеттегі бас ғимараттың мәжіліс залында қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының есірткі және ішімдіктің алдын алу жөніндегі өкілі – координатор С.М.Решетниковамен кездесу өтті, бұл кездесуге тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент А.В.Майер қатысты. Студент жастарға ішімдік пен есірткінің өмір жағдайындағы статистикалық есебі көрсетіліп жалпы зияны жөнінде дәрістер оқылды.

Осы жылы 7 қараша күні Х қалалық «Жастар бірлігі апталығы» фестивалі болып өтті. дәстүрлі «Астана қаласы жастарының бірлігі апталығы» фестивалі мерейтой жылы он төрт номинация бойынша өтті, бұл іс – шараға біздің студенттерге ешкімде тең келмеді, ал университет «Ең үздік жоғары оқу орны» деген номинацияға ие болды.



Дәл осы күні Қазақ мемлекеттік заң университетінде құрамы 18 адамнан тұратын пікір – таласына қатысушылар (қазақ, орыс, ағылшын) қалалық студенттік пікір – талас турниріне қатысты. Университетіміздің атынан қатысқан «Insaid» клубы құрамындағы пікір – талсшылар барлық үш лигада да бірінші орынды жеңіп алды.

Осылайша Жастар сарайында «Астана – шабыт қаласы» атты поэтикалық кеш өтті, оған Орысхан Ерсұлтан, Нүсіпбек Ризабек, Бердіжаров Баубек сынды жастарымыз қатысты.

12 қараша күні университет студенттері «Отан қорғаушылары» монументіне барып, гүл шоғын қою рәсіміне қатысты және дәл осы күні «Забота» акциясы шеңберінде ақыл – есі кем балалар интернатына концерттік бағдарламамен барып, сый – сияпаттарын беріп қайтты.

13 қарашада Конгресс – Холлда 4-5 курс студенттеріне арналған Түлектер жәрмеңкесі болып өтті.

Қарашаның 12-сы мен 14-і аралығында Х қалалық дәстүрлі «Астана қаласы жастарының бірлігі апталығы» фестивалі шеңберінде өткізілген іс – шарада ерлер волейболы, кір тасын көтеру және армрестлинг спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Осы жарыс қорытындысы бойынша біздің оқу орнымыз 5 бірінші орынды қанжығасына байлады. «Патриот» акциясы шеңберінде студенттер концерттік бағдарламаларымен №5401 әскери бөліміне Вячеславка селосына барып, өнер көрсетті.

2007 жылғы 12 қарашада Ел басшысының қатысуымен біздің студенттер, кураторлар, декан орынбасарлары, тәрбие жұмысы жөніндегі маман ТМД мемлекеттері – қатысушы зиялыларының шығармашылық және ғылыми түрде өткізілген Екінші Форумына қатысты. Форумның негізгі тақырыбы мәдени және ғылыми – білім беру дәстүріне, Халықтар достығының қазіргі және болашақ ұрпақпен өзара қарым – қатынасына, мәдениетке деген жаңа ой толғамдарын өзара байыту жолына, білім мен ғылымға бағытталған. Сонымен қоса, ТМД жастар – симфониялық оркестрінің мерекелік концерті болып өтті.

2007 жылғы 16 қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ҚР Президентінің сыйақысына «Алтын сапа» Республикалық конкурсы болып өтті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы халыққа жолдауы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы мен Республикалық студенттер – құрылыс отряды (СҚО) штабы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Республика бойынша үш жыл ішінде 150 мыңнан астам жастардан құрылған еңбек отрядтары құрылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жасақшылар 27 млн-нан астам ағаштар егіп, құрғақ жерлерді өңдеп, қарағайларды қалпына келтірді. СҚО тұрғын үйлер, емханалар, балар үйі, мешіт және шілкеу салуға күш салды. Жыл сайын «Жасыл ел» және СҚО бағдарламалары бойынша қорытынды жасалады және озық еңбеккерлер марапатталады. Осы жылы 29 – 30 қараша күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды қаласында маусымның жабылу салтанаты жоспарланды.

2007 жылғы желтоқсанның 2-сы күні оқу орнымыздың 50 жылдығына арналған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кубогіне бас ғимараттың мәжіліс залында пікір – талас турнирі өтті, оған қазақ, орыс, ағылшын лигасынан 30-дан астам команда қатысты. Біздің орыс тілінде жарыссөзге түскен командасы І орынды жеңіп алды.

Осы жылғы 5 желтоқсан күні ЖҚТБ-мен күрес күні шеңберінде бас ғимараттың кіре берісінде үзіліс уақытында шағын дәрістер оқылды және викториналар өткізілді.

Қазіргі заманғы жастардың қалыптасуы жыл сайынғы білім беру үрдісінің, экономиканың, мемлекеттік құрылыстың жандануымен құрылады. Ал реформалар тек жастардың белсенді қатысуларының арқасында ғана табысты бола алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жас ұрпақтың алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін «Нұр Отан», «Жас Отан» ХДП жастар қанаты Астана қаласының ЖОО мен Орта оқу орындары арасында «Жастар маслихаты» депутаттарын сайлау жұмысын өткізді. Біздің университетімізден 4 студент қатысты, оған энергетикалық факультет студенті Виктория Тушинская және техникалық факультет студенті Халилев Рустам өтті.

«Астана - есірткісіз қала» бағдарламасы шеңберінде осы жылдың 6 желтоқсан күні бас ғимараттың мәжіліс залында есірткі және есірткіні сатудың алдын алу жөніндегі құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу болып өтті.

23 желтоқсан күні «Жастар» сарайында жаңа жыл кешіне арналған бал – маскарад болып өтті, ол Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен өтті. аталған іс – шарада лотереялық билеттер ұтысы ойыны болып, соңы би кешімен аяқталды. Осы бал – маскарадта «Фараб» эстрадалық студиясының есеп беру концерті өтті, онда біздің студенттеріміз Қазақстанның белгілі жұлдыздарымен қосыла ән шырқады.





2008 жылғы қаңтардың 23-і мен 25-і аралығында мәжіліс залда факультеттердегі әр курс кураторларының есебі тыңдалды. Тыңдау аяқталған соң кураторлардың жұмысына бағаланып, ұсыныстар берілді.

Қоғаммен қарым – қатынас негізінде қылмыс пен құқық бұзудың алдын алу бойынша бағдарлама шеңберінде 2008 жылғы 31 қаңтарда бас ғимараттың мәжіліс залында Астана қаласының ІІБ және ІІД басшыларымен кездесу өтті, оған Астана қаласы ІІД ҚҚБ бастығының орынбасары Есенжол Зұлқарнайұлы Құсайынов, Астана қаласы Сарыарқа ауданы АІІБ бастығының орынбасары Игорь Ерсайынұлы Зикенов, Астана қаласы Сарыарқа ауданы АІІБ Қоғамдық қорғау бөлімінің бастығы Серік Махретдинұлы Әбуталипов, сонымен қатар тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президент А.В.Майер, университет президентінің режимдегі көмекшісі М.А.Горбунов қатысты.

8 ақпан күні студенттік «Жастар» клубында «Біз ҚКФ – нің - тыңдаушыларымыз» атты ҚКФ студенттерінің қатысуымен конкурс өтті. Бұл іс – шарада ҚКФ – нің ұжымдары бір – бірімен жарыс ұйымдастырды. Іс – шара қорытындысы бойынша «Театралка» театралдық студиясы ең үздік деп танылып, 1 орынға ие болды, ал екінші орын «Фараб» эстрадалық студиясына бұйырды.





ҚКФ –нің қалған ұжымдары әр түрлі номинациялардың жүлдегерлері атанды.

2008 жылғы 13 ақпан күні агрономия факультетінің акт залында «Қыз сыны» байқауы өтті. байқау бес сыннан өткізілді, онда бойжеткендер ән айтып, би билеп, кесте тігіп, өлеңдер оқыды. Байқау қорытындысы бойынша алты номинациялық жүлде мен үш жүлделі орын белгіленді. Бірінші орынды компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетінің екінші курс студенті Қаршалова иеленді, ал жүлделі екінші орынды энергетикалық факультеттің 2 курс студенті Айтпаева Дариға, үшінші орынды орынды техникалық факультеттің 1 курс студенті Хизатбек Әскергүл ие болса, «Көрермендер көзайымы» номинациясын көпшілік жұрттың қолдауымен Абдуллина Гүлназ қанжығасына байлады.





2008 жылғы 14 ақпан күні бас ғимараттың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу болды, ол кездесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Т.Жұмағұлов Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауына шолу жасап, студенттермен сұхбат жасап, жолдаудың негізгі бағыттары экономика, білім беру саласы, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде әңгіме өрбітті.

2008 жылғы 19 ақпан күні мәжіліс залда ірі ғалым және педагог, жоғары оқу орны мен ғылымның негізін қалаушы Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткері К.Ә.Сағадиевтің 70 жасқа толу мерейтойын атап өттік. К.Ә.Сағадиев – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академия ғылымдарының академигі және Пәкістан ғылымының академигі, АҚШ Нью – Йорск академиясының мүшесі және жоғары мектептің халықаралық академиясының іс жүзіндегі мүшесі. Қазақстанның 4 беделді жоғары оқу орындарының ректоры (президенті) болып қызмет атқарды, сонымен қоса біздің оқу орнымызда да ректор қызметін атқарды және ҚР ҰҒА Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үш мәрте депутаты болып сайланды және Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясының мүшесі және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.



2008 жылғы 22 ақпан күні Астана қаласындағы политехникалық колледждің акт залында қалалық «Қыз сыны» байқауының жартылай финалы болып өтті, оған біздің университетімізден бес бойжеткен – студент қатысты: КЖ және КББ факультетінің 2 курс студенттері Қаршалова Жадыра, Абдуллина Гүлназ, энергетикалық факультет студенттері Айтпаева Дариға – 2 курс, Алпыспаева Әсел – 1 курс және техникалық факультеттің 1 курс студенті Хизатбек Әскергүл қатысып, байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Хизатбек Әскергүл иеленіп, қалған үш бойжеткен финалға өтті. Бойжеткен қыздарымыз осы сыннан сүрінбей өтіп, оқу ордамыздың мәртебесін биіктерге шалқытты деседе болады.

2008 жылғы 23 ақпан күні сағат 12.00 – де біздің университетіміздің ректоры «Қысқы сессия қорытындысы. Нәтижесі қанағаттанарлық» деген тақырыппен студенттермен кездесті. Аталған кездесуде ректор студенттер тарапынан қойылған жазбаша сұрақтарға жауап беріп, «Студент көзқарасындағы - оқытушы» атты сауалнама нәтижесіне тоқталып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді. Бірқатар мәселелер шешімін табу үшін белгіге алынды.

2008 жылғы 25 ақпан күні мемлекеттік тілде «Өмір - юмор» тақырыбында КТК конкурсы болып өтті. Конкурсқа 4 команда қатысты, олар жерге орналастыру, энергетикалық, экономикалық және ветеринарлық медицина факультеттерінің командалары. Барлық командалар өздерінің күлкілерімен көпшілік жұртты таң қалдырып, ең үздік команда жерге орналастыру факультетінің командасы деп танылды.

2008 жылғы 26 ақпан күні агрономия факультетінің акт залында «Жігіт сұлтаны» байқауы болып өтті. байқау бес түрлі сыннан тұрды: қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы, шығармашылық қабілеттері, спорттық сайыс (кір тасын көтеру және армрестлинг), таң қалдыру нөмірі, ой толғандырар сұрақтар. Байқауға қатысушы барлық азаматтарымыз дене бітімі жағынан өздерінің толық жетілгендіктерін танытып, ән айтып, өлең оқып жан – жақты өнерлерін көрсетті. Экономика факультетінің бірінші курс студенті Әбдірайымов Ғани таң қалдыру кезінде сынған шынылардың үстіне тұрып, өзі айналысып жүрген бокс спорт түрі бойынша көрініс көрсетті, ал кір тасын көтеру бойынша экономика факультетінің 2 курс студенті Болат Әсет 45 рет көтеріп, жұрт көңілінен шыға білді. Байқау қорытындысын шығару әділқазылар үшін өте күрделі сын болды, алайда 1 орынды экономика факультетінің 2 курс студенті Болат Әсет, екінші орынды ветеринарлық медицина факультетінің 2 курс студенті Роллан Досжан, үшінші орынды экономика факультетінің 1 курс студенті Әбдірайымов Ғани иеленсе, көпшілік көңілінен шығып «Шымыр дене» номинациясына ветеринарлық медицина факультетінің 1 курс студенті Жұмабеков Нұржан иеленді. Жеңімпаздар қалалық «Жігіт сұлтаны» байқауына жолдама алып, оқу ордамыздың намысы үшін сынға түсуге дайындалуда. Сәттілік саған, бозбала!



2008 жылғы 28 ақпанда «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы шеңберінде бас ғимараттың мәжіліс залында студент жастар арасында есірткінің алдын алу бойынша кездесу болып өтті. Аталған кездесуге қаламыздың есірткі уытынан шығуға бел байлаған бұрынғы нашақорлары келді, олар осы ауыр зардаптың өмір сүру бақытынан айыруға тікелей қатысы барын айтып, денсаулық кепілі – салауатты өмір екенін нақтылады.

2008 жылғы 5 наурыз күні Оқушылар сарайында «Қыз сыны» байқауының ақырғы финалы болып өтті. Біздің университетіміздің намысын қорғап шыққан төрт бойжеткендеріміз: КЖ және КББ факультетінің 2 курс студенті Абдуллина Гүлназ, энергетикалық факультеттің 2 курс студенті Айтпаева Дариға мен 1 курс студенті Алпыспаева Әсел, техникалық факультеттің 1 курс студенті Хизатбек Әскергүл. Бес сыннан сүрінбей өтіп, байқау қорытындысы бойынша 1 орынды энергетикалық факультеттің 2 курс студенті Айтпаева Дариға иеленсе, жүлделі 3 орынды КЖ және КББ факультетінің 2 курс студенті Абдуллина Гүлназ қанжығасына байлады.



2008 жылғы 12, 13, 14 наурыз күні «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының бұрынғы нашақорлармен кездесу болып өтті. Кездесуде олар есірткі уытына қалай шалдыққандары жөнінде әңгіме құрып, өмірді қыршыннан қияр зұлымнан алыс қашықтықта жүріңдер деген ақыл – кеңестерін айтты. Студенттер тарапынан да оларға сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Осы жылғы 17 наурыз күні Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында «Махаббат миниатюрасы» атты спектакльге студент жастар көңілдерін бір серпілтіп қайтты.

Сонымен қатар 2008 жылғы 22 наурыз күні оқытушылар мен кураторлар «Бәйтерек» монументінің қасында өткен театрландырылған «Наурыз» мейрамын тойлау рәсіміне қатысты.

2008 жылғы 31 наурыз күні университет қабырғасында жыл сайынғы дәстүрге айналған факультетаралық Көркемөнерпаздар байқауының ашылуы болды, бұл іс – шара астанамыздың 10 жылдығына орайластырылып «Астанам - ән - жырым» атты ұранмен шарықтады. Байқау нөмірлерінің әрқайсысы өз ішіндегі ерекшеліктерімен таң қалдырды. Мысалы: техникалық факультеттің студенті Гришин Николайдың көрсеткен цирк өнеріне тең келер ешкім болмады және осы факультеттің цыған биін ұсынған бишілер тобы да өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Ветеринарлық медицина факультетінің «Арулар» би тобы отырған жұртты елең еткізбей қоймады, олардың көрсеткен египет билері қыр елінің құпиясына толы болды десе де болғандай, ал Аутелеева Лаураның көрсеткен шығыс би өнері де сонымен қоса «Evanescence» атауымен көрсетілген сықақ ретінде көрсетілген пародиялары да жұрт көңілінен шықты. Осы байқауда экономика факультеті ұжымы өз бірлік, ынтымақтарын танытып, жоғары ұйымшылдықтарын көрсетті. Экономика факультетінің барлық нөмірлері де есте қаларлықтай болды, атап айтсақ: «Поппури» дэнс тобы», «Халай», «Румбо» билері көпшілікті таң қалдырса, «Естедэй» инструменталды композициясы және тағы басқалары да өз өнерлерімен қызықтырды. «Астана - ән - жырым» атты ұранмен шалқыған көркемөнерпаздар байқауын КЖ және КББ, технологиялық және агрономиялық факультеттері аяқтады. Сонымен 2008 жылғы 5 сәуір күні агрономия факультетінің акт залында байқаудың гала – концерті болып өтті, бұл концерттік бағдарламаға факультеттердің көрермен көңілінен шыққан ең үздік деген өнерлері іріктеліп, соңында нәтижесі талқыланды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды экономика факультеті, 2 орынды – техникалық факультет, ал үшінші орынды агрономия факультеті жеңіп алды.



 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show