ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Университеттің миссиясы, мақсаты және міндеттері

«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ миссиясы, мақсаты және міндеттері

«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ миссиясы студенттер мен оқытушыларды икемділік, ал түлектерді еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсету болып табылады.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Миссияға сәйкес стратегиялық мақсаты инновациялық технологиялар негізінде жүзеге асатын оқу деңгейін және оның мазмұнын, нысанын, мерзімін таңдауға мол мүмкіндік жасай отырып, алдыңғы қатарлы мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда сапа менеджменті қызметінің тиімділігіне қол жеткізу.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:
- білім беру қызметіне сұраныс білдірушілерге сапалы білім беру арқылы олардың еңбек нарығында лайықты орын алуына мүмкіндік жасайтын ҚР аграрлық зерттеу университеті болу;
- осы ЖОО-да алған білімнің озықтығы мен жарамдылығы жоғары екендігі жайлы ой қалыптастыру арқылы қоғамның ЖОО-ға деген қызығушылығын арттыру;
- түлектерге сұранысты қамтамасыз ету үшін жұмыс берушімен бірлесіп білім бағдарламасын әзірлеу;
- білім беру қызметі мен өндіріс үдерісін интеграциялау /сабақтастыру/, ғылыми жұмыстарды ел экономикасының сұранысына бағдарлау;
- университеттің білім беру және әлеуметтік инфрақұрылымының тұрақты дамуы;
- жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мәдени-тәрбие жұмыстарының өзектілігін ұдайы қамтамасыз ету.

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show