ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Жас мамандарға шағын несие беру

2010 жылы аграрлық саланың жас мамандарына шағын несие беру туралы

Аграрлық саланың жас мамандарын өзінің туған ауылына қайтарып, ауылдық елді мекендерде жұмыс атқаруға ынталандыру мақсатында 2010 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «2010 жылы аграрлық саланың жас мамандарына шағын несие беру туралы» № 62 бұйрығы бекітілді.

Шағын несие ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантин, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология мамандықтары бойынша кәсіптік оқу орындарын үш жыл бұрын бітірген, ауыл шаруашылығы ұйымдарында, шаруа (фермерлік) қожалықтарында, ауылдық елді мекендердегі аграрлық саланың мемлекеттік мекемелерінде кемінде үш ай көлемінде жұмыс істейтін немесе кемінде үш ай көлемінде ауылдық елді мекендерде вереринарлық емдеу-профилактикалық қызметтерді жүзеге асыратын аграрлық саланың жас мамандарына бағытталады.

Шағын несие беруді Министрлікке қарасты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының ішкі құжаттарына сәйкес келесі шарттар бойынша қамтамасыз етеді:
жылдық сыйақы көлемі 9,5 % пайыздан артық емес;
шағын несие беру мерзімі үш жылға дейін;
қарызды берудің мақсаты – мал шаруашылығын дамыту;
берілетін шағын несие көлемі 400,0 мың теңгеге дейін.

2010 жылы аграрлық саланың жас мамандарына шағын несие беру бағдарламасы

2010 жылы аграрлық саланың жас мамандарына шағын несие беру туралы

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show