ҚАЗ | РУС | ENG | QAZ |
 

 
 
 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Негізгі парақ - Біліктілікті арттыру институты

Біліктілікті арттыру институты

Институттың алдында бірінші жылдардан бастап ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауымен қатар Қазақстан солтүстік аймақтарының колхоз және совхоз мамандарының біліктілігін көтеру мен қайта дайындау міндеті қойылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 14 қазандағы №710 қаулысы бойынша институтта құрамы 120 тыңдаушылардан тұратын біржылдық басқарушы кадрлар дайындау (БКД) мектебі мен совхоз бен колхоздардың басқарушы кадрларының біліктілігін көтеру үшін алты айлық курстар ашылды. 1963 жылы Солтүстік Қазақстанның 5 облысынан тұратын мамандар құрамынан біржылдық мектептің алғашқы 98 тыңдаушыcы дайындалып шығарылды.

БКД біржылдық мектебінің бірінші директоры болып доцент А.М.Бруй тағайындалды. 1963 жылдың 1 ақпанынан бастап бұл қызметке жерге орналастыру кафедрасының ассистенті Г.Д. Тарасюк тағайындалды.

КСРО Ауылшаруашылығы министрлігінің 1966 жылғы 1 ақпандағы №24 «Колхоз және совхоз кадрлары мен ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін көтеру жүйесін әрі қарай жақсарту» атты бұйрығы бойынша Солтүстік Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің кадрларын қайта дайындау және біліктілігін көтеру жұмысын жандандыру үшін БКД республикалық мектеп базасында келесі бөлімдерден тұратын біліктілікті көтеру факультеті (БКФ) ашылды:
- оқу мерзімі 6 айдан тұратын басқару кадрлар резервін дайындау (колхоз және совхоздардың бас мамандары);
- оқу мерзімі 1-3 айлардан тұратын шаруашылықтардың бас мамандары мен совхоз директорлары және колхоз басшыларының біліктіліктерін көтеру;
- біржылдық сырттай оқитын экономикалық факультет.

Осы жылы біліктілікті көтеру мәселесі бойынша проректор болып Абдолла Хуснутдинович Абдрашитов тағайындалды, ол бұл қызметте 14 жыл бойы жұмыс істеді. Одан кейін проректор қызметін кезекпен доценттер В.А. Кузнецов, В.Ф. Стукач, Н.П. Кадушин атқарған. 1998-2007 жылдар аралығында бұл қызметті доцент М.А. Горбунов атқарды. Көп жылдар бойы БКФ әдіскерлері болып В.А. Шинкоренко, М.П. Калашникова және М.Д. Морогова жұмыс істеген, олар оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстары бойынша өз қызметтерін жоғары жауапкершілікпен атқарған.

25 жылға жуық мерзім бойы біліктілікті көтеру факультетінің жұмысы бір қалыпты жүрген, жоспар бойынша жылда 800-850 тыңдаушылар қайта дайындық пен біліктіліктерін көтеріп отырған. Оқытудың белгіленген мерзімі тыңдаушыларға толық көлемде жаңа теориялық білім және ауылшаруашылық өндірісіндегі үлгілі тәжірибелер беруге және нәтижелі болған бұрынғы алған білімдерін қайталауға мүмкіндік берді. Одан қалды облыстың алғы шептегі шаруашылықтарында тәжірибелі сабақтар ұйымдастырылып отырды. Ал, басқарушы кадрлар резервін дайындау барысында Мәскеуге және байырғы КСРО-ның басқа да орталық облыстарында сабақтар өткізіліп экскурсиялар ұйымдастырылған. Білікті оқытушылар дәрістер оқығанда, өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін келтіріп ақпараттың ғылыми дәлелдігін жоғарылатып отырды. Тыңдаушылар шаруашылықтар сұранысы бойынша орындалған рефераттар мен шығармашылық жұмыстарын қорғау арқылы бағаланды. Тыңдаушыларды оқыту жоспары қатал түрде облыстардың ауыл шаруашылық басқармашылықтарымен қадағаланып отырылды, сондықтан инститтуттың міндеті дайындықтың жоғары сапалылығын қадағалау болды.

Біліктілікті көтеру институтының тыңдаушыларына дәріс оқуға институттың білікті оқытушылары, ауылшаруашылық өндірістің басшылары, мамандар шақырылып отырылды. Олардың ішінде М.А.Гендельман, Н.Т. Қадыров, Н.И.Можаев, Ш.И. Имангажин, М.Д. Спектор, Ж.С. Сундетов, Б.О. Әлімжанов, Л.В. Әлімжанова, К.К. Әбуов, В.Г. Черненок, З.П. Карамшук, Г.Т. Кулемзин, А.А. Цепенко, П.С. Шевченко, Ю.А. Левицкий, Е.Ш. Шекенова, В.И. Вебер, К.К. Әринов, Р.Х Карипов, В.П. Мингилев, О.С. Сапаров, А.И. Нуждов, А.К. Хижинский, В.Ф. Стукач, А.А. Разуваев, В.И.Шлефрин, А.В. Иванников және басқалары сияқты профессорлар мен доценттер болды.

90-жылдардан бастап АӨК жұмыскерлерін оқыту жоспары төмендей бастады, сондықтан біліктілікті көтеру факультеті шаруашылықтық-есептік жұмыс принципіне көшті. Келісімшарт бойынша фермер-жалгерлері оқыту жұмысы ұйымдастырылды, нарықтық экономиканы зерттеу және персоналді ЭЕМ эксплуатациялау мен бағдарламалау негіздерінің курстары, сонымен қатар қазақ, ағылшын, неміс тілдерін оқыту курстары ашылды. Ауылшаруашылықтық техникумдар мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізілді. Факультет алғаш рет басқа саладағы мамандардың біліктілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастырды.

Бірақ 1993 жылдан 2001 жылға дейін еліміздегі экономикалық қиыншылықтарға байланысты және қаржылық мүмкіндік болмағандықтан, АӨК барлық деңгейдегі мамандарының біліктілігін көтеру жұмысы толық доғарылды, басқа саладағы мамандарға да өтініш болмады. Бұған қарамастан жұмыс тоқтатылған жоқ. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылықтар жүргізудің жаңа әдістері пайда болғандықтан, АӨК мамандарының біліктілігін көтеру сұрақтары әлдеқайда кеңіді. Ауылшаруашылық өндірісіне көптеген нәрселер енгізу қажеттілігі туды, олар: шағын кәсіпорындар кооперациясы мен жерге деген ара-қатынасты реттеу; аграрлық құқық; жаңа ресурс және қуат сақтайтын технологиялар; дәнді дақылдардың жаңа сорттың агротехникасы; биотехнология әдістері; арам шөптермен күресудің жаңа технологиялары; өсімдіктерді қорғайтын жаңа технологиялар мен препараттар, мал ауруларын анықтайтын экспресс-әдістемелер; сүт өндірудің интенсивті технологиясы, ауылшаруашылық техникасын өнімді пайдалану мен техникалық күту; маркетинг; бизнес-жоспар құру; нарық конъюнктурасы және талдау сұрақтары; баға құру; кредиттеу және лизинг; қаржы және салық механизмдері, қаржылық есеп сұрақтары.

2001 жылдан бастап АӨК кадрларының біліктілігін көтеру жұмысы біріншіден, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің аймақтық басқармаларының мамандары, басқа да мекемелер жұмыскерлері арқылы жандана бастады. Жұмыс келісімшарттар арқылы жүргізіле басталды және біліктілікті көтерудің оқу жоспарлары тапсырыс беруші сұраныстарына сай жасалына басталды. Біліктілікті көтеру қысқа мерзімді оқу формасымен көбінесе бір-екі жұмалық курстар арқылы жүргізіле басталды.

Университетте із қалдырған оқиға «Қожалық (фермерлік) шаруашылықтардың ұлттық ассоциациясы» РҚҰ, «Қазақстандық фермер» кооперативтермен бірлесіп фермерлердің жоғарғы мектебін ашу, бұл мектепте Ақмола облысының 40 фермері оқып шықты.

Қазіргі кезде мамандардың біліктілігін көтеру келесі бағыттарда жүреді: ветеринария; көлікте және шекарада ветеринариялық бақылау; өсімдік қорғау және карантин мен қорғау; техникалық инспекция; астық және тұқымды инспекциялау; асылтұқымды іс; жер ресурстарын басқару; жерге орналастыру және жер кадастры; апробация; ауыл шаруашылығын ақпаратты-маркетингті қамту; бухгалтерлік есеп; қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық стандарттар; мемлекеттік сатып алу; персоналмен жұмыс істеудің қазіргі заманға сай әдістері; қазақ тілінде іс қағазы мен құжат айналымын жүргізу; адам ресурстарын басқару және мемлекеттік кадрлық саясат; мемлекеттік ұйымдарымен кәсіпорындарының есеп беруіне қаржылық-экономикалық талдау жүргізу; ҚР банктер туралы заңнама; аудит; ағылшын тілі; неміс тілі; француз тілі; қазақ тілі және т.б.

Біліктілікті көтеру курсы тыңдаушыларына дәріс оқуға университеттің тәжірибелі ғалымдары шақырылады. Атап айтсақ, профессорлар Әлімжанова Л.В., Қазыханов Р.К., Майканов Б.С., Шауенов С.Қ., Мұсынов Қ.М., Серикпаев Н.А., Кусайынов Т.А., Костюченков Н.В., доценттер Исмаилова Ә.С., Мелешенко Н.Н., Нүкешева А.Ж., Жуманова Д.Т., Шестакова Н.А., Карипов Р.Х., Егоров В.И., Шекенов Е.Ш. және басқалары. Өз сабақтарында олар әр түрлі пәрменді әдістер қолданады: проблемалық дәрістер, іскерлік ойындар, өндірістік жағдайларды талдау және т.б.

Қосымша ҚР АШМ департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерін, министрлікке қарасты мекемелер мамандарын және басқа да министрлік мамандарын шақырамыз.

1989 жылдан бері БКФ-де алғаш рет жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін көтеретін біржылдық курстары ашылған. Курс бағдарламасына келесі пәндер кіреді: психология, педагогика, арнайы пәндер жүргізу әдістемесі, модульді оқыту технологиясы және басқалары. Курста дәріс оқуға өзіміздің үздік оқытушылар мен қатар басқа да қалалық институтының оқытушылары шақырылады. Бастапқы кезеңде келесі доценттер үлкен үлес қосты, олар: Родионова В.А., Фабрицкий Н.А., Сургутскова И.К., кейіннен - Бабушкин В.А., Әбдіров А.М., Данилова Л.В., Байжанова З.Т. 2000 жылдан бері қазақ тілі курсы жұмыс істейді.

2004 жылдың 3 сәуірінен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша бүкіл Қазақстан облыстарындағы орта мектептерінің алғаш әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушылардың біліктілігін көтеру курсы ашылған. Одан қалды, сол бұйрық бойынша бүкіл облыстық, қалалық, аудандық білім беру бөлімшелері мамандарының біліктілігін көтеру жүктелген (мектептердегі алғаш әскері дайындық кураторлары). Осыған орай университеттің 03.04.2004 жылғы №89 бұйрығымен біліктілікті көтеру факультеті біліктілікті көтеру институтына айналды (БКИ).

2006 жылдың бастап офицерлік құрамды жетілдіру курстары ашылды, онда жоғары оқу орындарының, әскери кадрлар және әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары, ҚР ІІМ полициясының мектептегі инспекторлары, әскери психологтар біліктілігін көтереді.

Қамықтықтан білім беру технологияларын қолдану саласында профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру мақсатымен 2008 жылдан бері «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Қашықтықтан оқыту әдістері» атты тұрақты курстар ұйымдастырылды, көлемі 72 сағат. Курста оқу құны 28000 теңге. Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - даму мен жаңаруға» («Жол картасы») атты жолдауын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы Қауылысына сай университетте «Жұмыстан босатылған мамандарды қайта даярлау» бағыты бойынша екі айлық курстар жүргізіледі. Оқу келесі мамандықтар бойынша жүреді: «Интерьер дизайнері», «Коммерциялық қызмет менеджері», «Қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызмет менеджері».

2007 жылдан бері БКИ директоры болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Құржықаев тағайындалды.

Қазіргі кезде БКИ келесі қызметтер көрсетеді:
- ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендер кадрларының біліктілігін көтеру;
- кадрларды қайта дайындау - экономикалық мамандықтары бойынша екінші жоғарғы білім беру («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы»).

Біліктілікті көтеру институтында қалыптасқан ұжым қызмет атқарды, олар Пирожкова М.И., Тонкошкур Т.И., Альшимбаева Ә.А. Бұл ұжым жұмысты жоғары жауапкершілікпен атқарады.

Жалпы 1966 және 2007 жыл аралығында біліктілігін 32 мыңнан астам адам көтерді (1,2 кестені қараңыз).

Нарықтық экономика дамуы мамандардың үзіліссіз біліктілігін көтеріп отыруына байланысты екенін ескерте отырып, біліктілікті көтеру институтында басшылардың, агроөнеркәсіптік кешен мамандарының институттан кейінгі білімін толықтыру жолдарын ізденуде. Оқу үрдісінде қолданылатын оқу бағдарламалары осы сұранысқа жауап беруге тырысады.

1- кесте 1961-2005 жж оқып шыққан БКИ тыңдаушылар саны

2 - кесте 1961-2008 жж. оқып шыққан БКИ тыңдаушылар саны

 
Бүгін: 07 қыркүйек 2010ж., сейсенбі
Сентябрь 2010
ПнВтСрЧтПтСбВс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
<<  <    >  >>


www.fingramota.kz

www.fincenter.kz

 
 
         
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2001-2010

Hide|Show